Философия пәнінен 2014-2015 оқу жылына арналған тест сұрақтары мен тапсырмалары.
оқу тілі қазақша
1 семестр курс 1
Топтар: ЭЛ-11(3ж), ВМ-11(3ж), НГД-11(3ж), СТР-11(3ж), ХТОВ-11(3ж), ТТТ-11(3ж),ЭЭ-11(3ж), ИС-11(3ж), ОПД-11(3ж), ЗУ-11(3ж), БЭК-11(3ж), ПО-11(3ж)
Тестілерді дайындауға жауапты – Есенгалиева В.А.
| № | Сұрақтар | A) |
| 1 | Философия дегеніміз не (марксизм тұрғысынан) | Табиғаттың, қоғамның және танымның дамуының жалпы заңдары туралы ғылым |
| 2 | Дүниеге көзқарастың анықтамасы қандай? | Адамның дүниеге қатынасы, адамның дүниеде алатын орны жөніндегі түсінік |
| 4 | Философиядағы негізгі екі бағыт қандай? | Материализм және идеализм |
| 5 | Философиялық танымның негізгі бөлімдерін атаңыз? | Онтология, гносеология, аксиология, логика |
| 6 | Дүниеге көзқарастың тарихи түрлері (қалыптасуына қарай)? | Миф, дін, философия |
| 7 | Мына ұғымдардың қайсысы философияның негізгі мәселесін қарастырады? | Ойлаудың болмысқа қатынасы |
| 8 | Бірде бірегей бастаманы мойындайтын философиялық ілім қалай аталады? | Монизм |
| 9 | Философиялық ойлаудың қайнар көздері нелер болып табылады? | Мифология, білім, дін |
| 10 | Философияның функциялары қандай? | Дүниеге көзқарас, даналық, түсінік, методология, ғылым, тәлім-тәрбие |
| 11 | Екі бастаманы, субстанцияны мойындайтын философиялық ілім қалай аталады? | Дуализм |
| 12 | Субстанцияның көптігін мойындайтын философиялық ұғым қалай аталады? | Плюрализм |
| 13 | Гносеология дегеніміз не? | Философияның таным жөніндегі тармағы |
| 14 | Метафизика дегеніміз не? | Дүниенің өзгермейтіндігін, дамымайтындығын білдіретін әдіс |
| 15 | Объективтік идеализм дегеніміз не? | Абсолюттік идеяны, рухани бастаманы дүниенің негізі деп тану |
| 16 | Материалистер дегеніміз кімдер? | Материяны санаға қарағанда алғашқы деп танитындар |
| 17 | «Философия» атауын алғаш енгізген кім? | Пифагор |
| 18 | Философияның негізгі әдістері қандай? | Диалектикалық, метафизикалық |
| 19 | Агностицизмнің анықтамасы қандай? | Дүниені танып білуге болмайды |
| 20 | Диалектика не туралы философиялық ілім? | Дамудың жалпы заңдары туралы |
| 21 | Материалистік диалектика дегеніміз не? | Табиғаттың, қоғамның, адамның ойлауының жалпы даму заңдылықтарын зерттейді |
| 22 | Диалектикаға қарама-қарсы әдісті көрсетіңіз? | Метафизика |
| 23 | Дүниеге мифологиялық көзқарастың мәні не? | Дүниені ұғынудың әпсаналығы, бірлігі, біртұтастығы |
| 24 | Көне Қытай философиясындағы заттардың табиғи жолы қалай аталады? | Дао |
| 25 | Әлемнің ритмін білдіретін ұғымдар қандай? | Инь және янь |
| 26 | Қытай философиясының негізін қалаған кім? | Конфуций |
| 27 | «Әңгімелер мен пікірлер» еңбегінің авторы | Конфуций |
| 28 | «Өзіңе ұнамағанды өзгеге жасама» қағидасының авторы кім? | Конфуций |
| 29 | Лао цзы қандай ілімнің негізін салды? | Даосизм |
| 30 | Жэнь ұғымы қандай мағына білдіреді? | Адамды сүю |
| 31 | Нирвана дегеніміз не? | Өзін-өзі билеу, ештеңеге алаңдамау, сананың сөнуі |
| 32 | Ежелгі Үнді философын көрсетіңіз | Джин |
| 33 | «Өмір азапқа толы» дейтін ежелгі үнді философиялық ағымы қалай аталады? | Буддизм |
| 34 | Ежелгі үнді мәдениетінің көне мұрасы қалай аталады? | Ведалар |
| 35 | Үнді философиясындағы адамның тіршілік етуінің заңын білдіретін ұғымдар қандай? | Карма, сансара |
| 36 | Буддизм дін бе, әлде философия ма? | Дін де, философия да |
| 37 | Будданың «ізгі ақиқаттарының» ішіндегі жоғы қайсысы? | Азаптанудан құтылуға болмайды |
| 38 | Бір өзенге екі рет түсуге болмайды деген кім? | Гераклит |
| 39 | Фалес іліміндегі дүниенің бастамасы қандай? | Су |
| 40 | Анаксимандр іліміндегі дүниенің бастамасы не? | Апейрон |
| 41 | Анаксимен іліміндегі дүниенің бастамасы не? | Ауа |
| 42 | Гераклит бойынша дүниеде бар заттың материалдық негізі не? | От |
| 43 | Көне грек ойшылдарының қайсысы бәріде сан деп жорыған ? | Пифагор |
| 44 | Демокрит іліміндегі дүниенің түп негізі не? | Сансыз көп атомдарда |
| 45 | Философия тарихында болмыс мәселесін алғаш қойған мектеп қайсысы? | Элей мектебі |
| 46 | Антикалық философияның шыңы болып есептелетін философ кім? | Аристотель |
| 47 | Көне Грек атомистері кімдер? | Левкипп, Демокрит, Эпикур |
| 48 | «Адам барлық заттардың өлшемі»сөзінің авторы кім? | Протагор |
| 49 | Идеалды мемлекет туралы ілімді баяндайтын «Мемлекет»атты философиялық-саяси шығарманың авторы кім? | Платон |
| 50 | Аристотель қай мектептің түлегі? | Платон Академиясының |
| 51 | Аристотель құрған мектеп қалай аталған? | Ликей |
| 52 | Философия тарихында алғаш категориялар туралы еңбек жазған кім? | Аристотель |
| 53 | Адамды «саяси жануар»деп анықтаған көне грек философы кім? | Аристотель |
| 54 | «Менің білетінім ештеңе білмейтінім»-деп айтқан көне грек философы кім? | Сократ |
| 55 | «Платон менің досым,бірақ ақиқат одан да қымбат»деген ұшқыр сөздің авторы кім? | Аристотель |
| 56 | Дәстүрлі формальдық логиканың негізін қалаған кім? | Аристотель |
| 57 | «Адам, өзіңді өзің танып біл» деген кім? | Сократ |
| 58 | Майевтика әдісін қолданған кім? | Сократ |
| 59 | « Философия-Құдай сөзінің қызметшісі»ғана. Осы сипаттама философия тарихының қай кезеңіне қатынасты? | Орта ғасырға |
| 60 | Араб-мұсылман философтарының қайсысын адамзаттың екінші ұстазы деп атайды? | Әл-Фарабиді |
| 61 | Ортағасырлық философияның айшықты белгісі қандай? | Теоцентризм |
| 62 | «Айықтыру кітабын» араб-мұсылман философтарының қайсысы жазды? | Ибн-Сина |
| 63 | Ортағасыр философиясындағы жалпылықтың,жалпы ұғымдардың табиғаты мәселесіндегі қарама-қарсы позициялар қайсылары? | Реализм және номинализм |
| 64 | Ортағасырлық араб-мұсылман философиясының негізін қалаушы кім? | Әл-Кинди |
| 65 | «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары»деген трактаттың авторы кім? | Әл-Фараби |
| 66 | Аль-Газали қандай ілімнің өкілі? | Суфизмнің |
| 67 | Араб-мұсылман ортағасырының көрнекті философы, дәрігері кім? | Ибн-Сина |
| 68 | А.Иасауи қай бағыттың өкілі? | Суфизмнің |
| 69 | «Шіркеу әкелерінің»ілімі қалай аталады? | Патристика |
| 70 | Христиандық орта ғасыр философиясының негізін қалаған кім? | Августин |
| 71 | Патристиканың көрнекті өкілі, «О граде божьем», «Исповедь»кітаптарының авторы кім? | Августин |
| 72 | «Сумма теологии» кітабының авторы кім? | Ф.Аквинский |
| 73 | Тек жалқылардың шын өмір сүретінін мойындайтын бағыт | Номинализм |
| 74 | Пико делла Мирандола іліміндегі адамның басты ерекшелігі? | Өз тағдырын айқындаудағы еркіндігі |
| 75 | Дүниенің гелиоцентрлік жүйесінің негізін қалаушы,Қайта өрлеу заманының ірі ойшылы кім? | Н.Коперник |
| 76 | Шіркеу тарапынан еркін ойлары үшін «еретик аталып» ,өртеліп кеткен Қайта өрлеу заманы философиясының өкілі кім? | Дж. Бруно |
| 77 | Қайта өрлеу дәуіріне сай келетін адам түсінігі қандай? | Адам-жасампаз , суреткер |
| 78 | Қайта Өрлеу дәуірі философиясының басты ерекшелігі неде? | Антропоцентризм |
| 79 | Қайта өрлеу дәуірі ойшылдарының қайсысы “Государь” атты кітапты жазды ? | Никколо Макиавелли |
| 80 | Қайта өрлеу дәуірі ойшылдары қай кезеңнің философиясына баса назар аударды? | Антикалық философияға |
| 81 | Томас Мордың ілімі мазмұндалған еңбек қалай аталады? | «Утопия» |
| 82 | Эмпиризмнің негізгі қағидасы қандай? | Адамның барлық білімі тәжірибеге негізделеді |
| 83 | Рационализмнің негізгі қағидасы қандай? | Адамның танымдық іс-әрекетінде негізгі рөл зердеге жатады |
| 84 | Ф.Бэкон қай философиялық бағыттың негізін қалады? | Эмпиризмнің |
| 85 | Ойлаудың индуктивтік методының негізін қалаушы кім | Ф.Бэкон |
| 86 | “Білім – күш» деген афоризмнің авторы кім? | Ф.Бэкон |
| 87 | Барлық адамдардың табиғи теңдігі жөніндегі тұжырымды құрған кім? | Т.Гоббс |
| 88 | Мына сөздер кімдікі: «Бүкіл философия ағашқа ұқсайды, тамыры-метафизика, діңгегі-физика, сол діңгектен тараған бұтақтары – басқа ғылымдар» ? | Р.Декарттікі |
| 89 | “ Мен ойлаймын, демек өмір сүремін” дейтін қанатты сөздердің авторы | Р.Декарт |
| 90 | Б Спиноза философиясының нгізгі ұғымы | Субстанция |
| 91 | Г Лейбництің философиялық жүйесінің негізгі ұғымы | Монада |
| 92 | Кімнің философиялық жүйесі дуализм деп сипатталады | Р Декарттың |
| 93 | Ф.Бэкон , Т.Гоббс, Дж.Локк ілімдері таным теориясының қай бағытына жатады | Эмпиризмге |
| 94 | Жаңа заман ойшылдары Р.Декарт, Б.Спиноза, Г.Лейбниц философиялық таным теориясының қай бағытына жатады | Рационализм |
| 95 | «Субстанция өзді-өзінің себебі болып табылады» деген ұйғарымның авторы кім? | Спиноза |
| 96 | Өз ілімінде идолдардың төрт түрін көрсетіп берген ағылшын философы кім? | Бэкон |
| 97 | Жаңа заман философы, «Левиафан» еңбегінің авторы кім? | Т.Гоббс |
| 98 | 18ғ.француз материалистерінің қайсысы «Адам-машина» атты кітапты жазған кім? | Ламетри |
| 99 | «Қоғамдық шарт туралы» деген жұмысты жазған кім? | Руссо |
| 152 | Ағартушылардың пікірінше ағарту жолындағы басты кедергі не? | Дін |
| 100 | Француз философтары Дидро, Гольбах, Гельвеций, Ламетри қай бағытқа жатады? | Материализм |
| 101 | Француз материализмін жүйелеуші, «Табиғат жүйесі» еңбегінің авторы кім? | Гольбах |
| 102 | «Таза зердеге сынның» авторы кім | Кант |
| 103 | «Трансценденталдық идеализм жүйесін» жазған кім? | Шеллинг |
| 104 | Немістің классикалық философиясында натурфилософиялық жүйені құрған кім? | Шеллинг |
| 105 | Гегель философиясының бастамасы неде? | Абсолюттік рух |
| 106 | Қайшылықтар дүниені қозғаушы күш болып табылады және қайшылықтарсыз даму жоқ деп ұйғарған кім? | Гегель |
| 107 | Гегель жүйесі философиядағы қай бағытқа жатады? | Объективтік идеализмге |
| 108 | Гегель философиясының негізі не? | Диалектика |
| 109 | Л. Фейербахтың ілімі қалай аталады? | Антропологиялық материализм |
| 110 | Фейербах бойынша қандай категория қоғамдық дамуды айқындайды? | сүйіспеншілік |
| 111 | Неміс классикалық философиясының негізін қалаушы ? | Кант |
| 112 | Классикалық неміс философиясының өкілдерінің тізбегінде жетіспей тұрған буынды толтырыңыз:Кант-Фихте-Шеллинг….Фейербах: | Гегель |
| 113 | И.Кант бойынша дүниені бірегей тұтастығында ойлауға, сөйтіп өзіндік заттар дүниесін тануға бет алған ақыл-ой кезігетін шешілмейтін қайшылық қалай аталады? | Антиномия |
| 114 | Кант философиясының екі кезеңі қалай аталады? | Сынға дейінгі және сын кезеңі |
| 115 | «Категориялық императив» ұғымын ұсынған кім? | Кант |
| 116 | «Өзіндік зат» дегеніміз не? | Танылмайтын нәрсе |
| 118 | И.Кант ілімінің сипаты қандай? | Таным табиғатын, адам мәнін ашқан, философияда төңкеріс жасаған ілім |
| 119 | Мына философтардың қатарындағы субъективтік идеалистер кімдер? | Беркли, Фихте |
| 120 | Кантқа әсер еткен француз философы кім? | Ж.Ж.Руссо |

Нет комментариевНе стесняйтесь поделиться с нами вашим ценным мнением.
Текст